жаңалықтар

Сымбат Омашева – халықаралық эссе байқауында ІІ орын алды

NIS Халықаралық Бакалавриат мектебінің 11 сынып оқушысы Сымбат Омашева Gale компаниясы ұйымдастырған эссе байқауында жүлделі  ІІ орын алды, оның эссе тақырыбы –  «Насколько важна была роль женщин во время Второй мировой войны для победы союзных держав?».  Эссенің үздік  авторларының тізіме леккен Сымбат Gale порталында мұрағат материалдарын зерттеуге мүмкіндік алды.  Аталмыш байқауға жоғары сынып оқушылары қатысты.

– Менің тарихқа деген қызығушылығым бала кезден пайда болды.  Эссе жазу кезінде Екінші дүниежүзілік соғыс туралы көбірек білдім. Порталдың басты ерекшелігі, бұрын-соңды кездеспеген статистикалық мәліметтердің ауқымдылығы. Портал арқылы мен әр елдегі нәзік жандылардың қанша пайызы ортақ игілік үшін еңбектеңгенін білдім, – дейді Сымбат.

Сымбат, биік белестерді бағындыра бер! Құттықтаймыз!