жаңалықтар

Аружан Манарбай жеке сурет көрмесін өткізді

NIS халықаралық бакалавриат мектебі 10G сыныбының оқушысы Аружан Манарбай жеке жобалар аясында өзінің сурет көрмесін өткізді.

«Жеке жоба» – MYP бағдарламасының міндетті компоненті. «Жеке»  деп аталуының себебі оқушылардың өз қызығушылықтары бағытында дамуына мүмкіндік береді. Нәтижесінде жеке шығармашылық нәтиже/өнім пайда болады.

Жас дарынның  айтуынша тақырып таңдауда көп ойланбаған.

«Картинаның композициясы: әсем аспан аясындағы Астананың келбеті. Мен қаламыздың сәулеті қаншалықты әдемі екенін жеткізгім келді. Елордамызда әрдайым өте әдемі аспан бар, бірақ тұрғындар оны байқамайды. Сондықтан мен күнделікті өміріміздің сұлулығын көрсету үшін қаламызды қалай көретінімді елестеттім. Біз күн сайын осы ғимараттардың жанынан өтіп, аспанды көреміз. Көрмеден кейін астаналықтар осындай сұлулыққа  назар аударады деп үміттенемін», – дейді Аружан.

Бейнелеу өнерінде де заман көшінен қалыспау маңызды. Осы тұрғыдан алғанда жас суретші бейнелеу өнеріндегі жаңа әдістер:  Кескіндеме техникасы, Акварель техникасы және Портал техникасын қолданған.

Сондай-ақ, көрмеге жас суретшілер Әсем, Жанар Бәкенқыздарының суреттері де көпшілік назарына ұсынылған.

Жас қылқаламшылардың көрмесі алдағы уақытта мектебімізде өткізу жоспарлануда.

Аружанға шығармашылық шабыт, толайым табыстар тілейміз.