Дипломдық бағдарлама


Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың сәуір айында Дипломдық бағдарлама авторизациясын алды. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап мектеп аталмыш бағдарлама бойынша оқытуды бастады. Дипломдық бағдарлама 16-18 жас аралығындағы жоғарғы сынып оқушыларын әлемнің үздік университеттеріне түсуге дайындайтын әмбебап курс болып табылады. Дипломдық бағдарламаны әлемнің көптеген әйгілі университеттері мойындайды.

 Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасының мақсаты:

-сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту

-ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдысын дамыту

-мәдениетаралық түсіністікті дамыту

-оқушыларды жеке тұлға ретінде тұтас дамыту

Дипломдық жұмыстың мазмұны.

Оқу бағдарламасы алты пәндік топтан және үш негізгі компоненттен тұрады: «Кеңейтілген эссе» (EE), Таным теориясы (TOK), «Шығармашылық, әрекет және қоғамға қызмет ету» (CAS).

  • Кеңейтілген эссе жазу дипломдық бағдарламаның барлық оқушыларына міндетті болып табылады. Бұл – таңдап алған пән бойынша ағылшын тілінде жазылатын, көлемі 4000 сөзден аспайтын, ұйымдастыру және зерттеу дағдыларын талап ететін зерттеу жұмысы.

  • Таным теориясы – сыни тұрғыдан ойлау қабілеті мен әртүрлі ақпаратты саралау дағдыларын дамытатын пәнаралық сабақ.

  • Шығармашылық, Әрекет, Қоғамға қызмет ету – Creativity, Action, Service (CAS). «Шығармашылық» бағдарламасы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және әлеуметтік белсенділіктерін дамытуға бағытталған. Жобаға қатысу арқылы оқушылар ұқыптылық, айналасындарға қамқорлық жасау,  топта жұмыс істеу сияқты қабілеттері мен қасиеттерін дамыта алады. CAS оқушылардың түсіну, бағалау және мектеп қабырғасынан тыс өтіп жатқан өмірге белсене қатысу қабілеттерін тәрбиелейді.

    Оқушылар ұсынылған алты пәндік топтан алты сабақ таңдайды. Әдетте үш пән жоғары деңгейде, қалған үш пән стандарт деңгейінде оқытылады. Сондай-ақ, оқушылар төрт пәнді жоғары, екі пәнді стандарт деңгейде оқи алады. Дипломды алу үшін оқушылар алты пән бойынша емтихан тапсырып, үш міндетті компоненттің: «Кеңейтілген эссе», «Таным теориясы», «Шығармашылық, әрекет және қоғамға қызмет ету» талаптарын орындау керек.

Мектеп Дипломдық бағдарлама бойынша келесі пәндерді ұсынады:

1  Топ. Тіл А: Қазақ, орыс, ағылшын

2  Топ. Тіл В: Ағылшын

3  Топ. Тарих, ЖҚАТ (Жаһандық қоғамдастықтағы ақпараттық технологиялар) 

4  Топ. Физика, Биология және Химия

5  Топ. Математика

6  Топ. Өнер

Толық ақпаратты келесі сайттан  ала аласыз www.ibo.org/diploma/ 

 

 Халықаралық Бакалавриат (ХБ) бағдарламасы


Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриаттың (ХБ) Негізгі мектебі бойынша авторизациядан сәтті өтті. Үздіксіз білім алуға, жоғары сапалы  халықаралық білім деңгейіне ұмтылу – дүниежүзіндегі Халықаралық Бакалавриат мектептерінің  ұстанатын ортақ пәлсапасы.  Мектеп MYP бағдарламасын 12-16 жас аралығындағы 7-10- сыныптарына  енгізуді ұсынады . 

Халықаралық Бакалавриат ұйымының авторизациясынан өткен мектептер ғана төмендегі  үш білім беру  бағдарламасының бірін ұсына алады: Бастауыш мектеп бағдарламасы (БМБ), Негізгі мектеп бағдарламасы (НМБ) немесе Дипломдық бағдарлама (ДБ) (сонымен бірге ХБ-дағы кәсіптік бағдарлы білім беру сертификаты). 

MYP бағдарламасындағы оқытудың негізі оқушы болып табылады. Ол өз кезегінде Халықаралық Бакалавриаттың оқушының тұлға ретінде жан-жақты және рухани дамуына, сонымен қатар оның өз бетінше білім алатындығына сенімділік ұялатады. Негізгі мектеп бағдарламасы оқушыларды табиғаттағы және әлеуметтік кеңістіктегі өз рөлін түсінуге бағыттайды. Бағдарлама оқушының мектеп ұсынатын Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасында оқуға өз бетінше дайындалуын қамтамасыз етеді.

 Мектеп MYP бойынша келесі пәндерді ұсынуды көздейді: 

A  тілі: қазақ, орыс және ағылшын тілдері 

B   тілі: қазақ, орыс және ағылшын тілдері

Maтематика  

Гуманитарлық пәндер: Қазақстан тарихы және география, дүниежүзі тарихы, әлеуметтік ғылымдар, экономика

Ғылымдар: Кіріктірілген ғылым, биология, физика және химия

Дизайн: Ақпараттық технология, Компьютерлік ғылым және технология

Өнер: Бейнелеу өнері және Драма 

Дене шынықтыру

Толық ақпаратты ХБ  сайтынан  ала аласыз http://ibo.org/myp/curriculum/

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі © 2018

Close Menu