Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік  мектебі

 

 

Арнайы Білім Қажеттіліктерінің  Саясаты  

2013 – 2014  оқу жылы

 

Кіріспе

 

Барлық адам бірдей деңгейде білім алуға

 және ғылымның жетістіктерін пайдалануға құқығы бар.

Ф. Энгельс

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Арнайы оқу қажеттіліктер саясаты бүкіл мектеп қауымдастығына арналып құрастырылған және соған сай оқу үдерісі жүзеге асырылатын негізгі құжат-нұсқаулықтардың бірі болып саналады. Арнайы оқу қажеттіліктер термині халықаралық термин болып табылады, қажеттіліктердің жиынын құрайды, оқушының танымдық, эмоциялық, әлеуметтік және дене дамуына септігін тигізеді.  

Қазіргі уақытта оқушылардың өздігінен шешім қабылдауы үшін сын тұрғысынан ойлауды дамытатын оқыту әдісіне көп көңіл бөлінуде. Бірақ оқыту үдерісінде кейбіреуінде қиындықтар туындайды. Осыған байланысты Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім алу үдерісінде қиындықтарға тап болатын оқушыларға көмек және қолдау көрсетуге бағытталған Саясат құрастырылған. Аталмыш құжат түзетілуде. 

  

  1. 1. Жалпы ереже

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің саясатының негізгі бағыты – өз оқушыларының арнайы білім қажеттіліктерін қолдау және басқару. Оқыту үрдісінде бірінші кезекте әр оқушының жеке ерекшеліктері ескеріледі. «Белгілі бірнәрсеге мұқтаждық (бағалауға қатысты) кез келген үздіксіз немесе уақытша қажетсіну, ол жағдай оқушыны қолайсыз жағдайда қалдырады әрі оған өз ептілігі мен білімін тиісті түрде көрсетуге кедергі келтіреді».[1]

Осы құжат мектеп қоғамдастығының: әкімшілік, үйлестірушілер, мұғалімдер, ата-аналар және оқушылардың мәртебесіне қарамастан, әрбір оқушыға арналған негізгі нұсқау болып табылады. Сондай-ақ қосымша нұсқаулықтар үшін негіз болып табылады. 

Осы құжат жыл сайын мамыр-маусым айларында қайта қаралуы тиіс. 

  1. 2. Мақсаттар мен міндеттер

Саясаттың мақсаты: арнайы білім мұхтаждықтары бар оқушыларды оқыту және бағалау  үрдісінде қолдау. 

Міндеттер: 

  • оқушының интеллектуалды, дене дамуы және шығармашылық дамуы үшін қолайлы орта туғызу;
  • әр оқушының интеллектуалдық ерекшеліктерін және олардың қажеттіктерін анықтау және бағыштау; 
  • қолдау стратегиясын әзірлеу;
  • қолдау стратегияларын үйлестіре отырып, білім беру үрдісінде барлық қатысушыларға ұсынылатын жүйені құру.

  1. 3. Дифференциациялау

 

Астана қаласындағы Назарбаев Интеллектуалдық мектебінде әр пән бойынша оқушылардың өз мақсаттарына жетуіне қолдау көрсететін оқудың едәуір тиімді әдісін табу үшін оқушылармен жұмыс жасаудың әр түрлі нысандары әзірленген. Сабақтарда әр түрлі стратегияларды қолдану, оқытуда әр түрлі стильдерді дамытуға ықпалын тигізеді.  

 

  1. 4. Аранайы білім беру қажеттіліктеріне арналған хаттама  

 

4.1 Анықтау

 

  1. Ата-аналардың медициналық қорытындысымен расталған ақпаратты мектепке ұсынуы.
  2. Мұғалімдер мен психологтар оқушыларды қадағалау мақсатында сабақтарға жиі қатысып отыруы тиіс. Сабақтарға қатысу оқушының табиғи коммуникативті мінезқұлқына негіздерге ақпарат жинауға көмегін тигізеді. Жиналған деректер жазбаша бекітілуі тиіс. 
  3. Сөйлесу (сұхбат) оқушымен тілтабысуға көмектеседі. Ол арқылы оқушының мінезқұлқын түсінеміз. Сұхбаттасу жүргізуші мұғалім ұстаздық әдеп сақтауы тиіс. Сұрақтар түсінікті болуы керек. Оқушының есту, сөйлеу немесе қарым-қатынаста қиындықтар туындаған жағдайда, оқушыны қызықтыратын және алға қойылған мақсатқа жетуге көмек көрсететін көрнекілік құралдарын қолдануға кеңес беріледі. Мектеп психологтарымен сұхбаттасу ұсынылады.    
  4. Пән мұғалімдері және мектеп психологтары (білім деңгейін, пән бойынша оқушылардың іскерлігін анықтау үшін) диагностикалық жұмыстар жүргізеді. Диагностикалық жұмыс оқушының білім деңгейін және машықтығын, сондай-ақ жасалған жұмыстары арқылы, оның мінез-құлқын анықтауға мүмкіндік береді.   
  5. Мектептің медицина қызметкерімен, психологымен ынтымақтастық және атааналармен жеке кездесулер, олардың орындаған тапсырмалары және жүріс-тұрысы бойынша ақпарат жинау арқылы мінез-құлқы туралы мәліметтер жинауға көмектеседі. Ынтымақтастық және оқушы туралы материалды жинастыруды куратор жүзеге асырады және оларды психолог қарайды.    

 4.2 Жұмыс жоспары

 

 Оқушылардың мұқтаждықтары анықталған сәттен бастап, мысалы, оқушының нәтижелері өте жоғары немесе оған қолдау керектігі болған жағдайда (4.1), психологтар мұғалімдердің, психологтың, ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен педагогикалық консилиум өткізеді.   

Мектеп қауымдастығының басты міндеті – әр оқушының жеке өсуіне ықпал ететін алдағы жұмыстардың жоспарын әзірлеу.    

Жоспардың соңғы нұсқасы әкімшілікке қарап, бекіту үшін және оны мектеп кестесіне енгізу үшін жіберіледі. Кейін бекітілген жоспар, оны іске асыру үшін барлық мектеп қауымдастығына ұсынылады.   

Әр жағдайға жеке жоспар жасалады. Ол ұзақ мерзімді, сондай-ақ қысқа мерзімді болады. Қысқа мерзімді жоспарлар жұмыс аяқталысымен тексеріледі, ал ұзақ мерзімді жоспарлар үш айда бір рет қаралады. Қажет болған жағдайда мектеп психологтары жоспарға түзету енгізеді және оны оқушының білімдік қажеттіктеріне байланысты өзгерте алады. 

 

  1. 5. Арнайы білім қажеттіліктерін қолдау

 

5.1. Оқудағы қиындықтар.

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жұмысы арнайы білім қажеттіктері бар жұмыс бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарымен, сондай-ақ Назабаев Зияткерлік мектебінің талаптарымен келісіледі.    

5.2. Дене ауытқулары.

2013 жылдың қыркүйегінде Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі дене ауытқулары бар балалар білім ала алатын мүмкіндіктері бар жаңа ғимаратқа көшіріледі. Одан кейін қандай дене ауытқулары бар оқушылардың оқи алатынын анықтауға болады. Осы Саясат келешектегі өзгерістерді ескере отырып, қайта қаралады.

5.3. Бағалаудағы арнайы қажеттіктер.

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бағалаудағы арнайы қажеттіктер бойынша нұсқаулықта көрсетілген  ХБ мектебінің жауапкершілігін түсінеді, (2011 мамырда жаңартылды) 6-бет. Қажеттік анықталған жағдайда, емтихандар өткізуді ұйымдастыруға өзгерістер енгізіледі: қосымша уақыт беру, демалуға уақыт беру, АКТ-мен жабдықтау, оқырман, әңгімелесушіні, емтихандық материалды қайта қарау, емтихан сұрақтарына жауаптар жазу, транскрипциялар, емтихандар өткізу үшін таңдамалы орындар, жұмысты тапсыру үшін қосымша уақыт беру, практикалық жұмыста көмек көрсету және емтиханнан босату (4 секция, нұсқау).        

 

6.Міндеттер Әкімшілік:

  • осы Саясатты бекіту;
  • оқушылардың мұхтаждықтарын анықтау процесін ұйымдастыру (4.1);
  • қажетті ресурстармен қамтамасыз ету;
  • оқыту процесіне қолдау ұйымдастыру;
  • мұғалімнің қосымша жұмыстарын өткізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауына көз жеткізу;
  • мұғалімнің қосымша сабақтар өткізуіне бақылауды жүзеге асыру;
  • ДБ үйлестірушісі арнайы білім қажеттіктерінің талаптарына сәйкес ХБ рәсімдерін ұстанады.

Психолог:

  • оқушылардың жеке қажеттіктерін анықтауға бағытталған мектеп ішіндегі рәсімдерді ұйымдастыру;
  • жоспарға сәйкес мұғалімде, ата-аналар және оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу;
  • арнайы білім қажеттіктері бар оқушылармен мұғалімдердің жұмыс істеуі үшін ұсыныстар әзірлеу.

Кураторлар және мұғалімдер:

  • оқушылардың жеке қажеттіктерін анықтауға бағытталған мектеп ішіндегі рәсімдерді ұйымдастыру;
  • жоспарға сәйкес мұғалімдер, ата-аналар және оқушылармен жеке жұмыс жүргізу;
  • мұғалімдермен қолдау стратегияларымен алмасу жүргізу;
  • оқушылардың арнайы білім қажеттіліктерін анықтау критерийлерін қолдану;
  • оқушылардың жұмыс жоспарына ден қоюының жазбаларын әзірлеу және енгізу;
  • әкімшілік, психолог, ата-аналар, оқушылар және мұғалімдерге жұмыс жоспарының тиімділігі туралы уақтылы ақпарат беру;
  • арнайы білім қажеттіліктері саласындағы кәсіби дамытуға қатысу.

 

Ата-аналар:

  • балаларының білімдік мұхтаждықтары туралы мұғалімдерді уақтылы ақпараттандыру; 
  • оқыту процесінде қажетті көмек және қолдау көрсету, оқушы тапсырмаларының орындалуын және интеллектуалдық сабақтарға уақтылы қатысуын бақылауды жүзеге асыру;
  • үй жағдайында жұмыс жоспарын ұстану туралы мұғалімдерге хабарлау;
  • уақтылы бала туралы ақпарат беру.

 

Оқушы:

 қиындықтар туралы мұғалімдер мен ата-аналарды ақпараттандыру;

  • қиындықтарды анықтауға қатысу;
  • стратегияларды әзірлеуге қатысу;
  • жұмыс жоспарын ұстану;
  • қосымша сабақтарға жүйелі қатысу және жұмыс жоспарының тиімділігін талдау;
  • жұмыс жоспары қайта қаралғаннан кейін өзгерістерін қатаң қолдану. 

 

 


[1] Дипломдық бағдарлама, Негізгі ережелер,  ХБҰ  19-бап 

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі © 2018

Close Menu