Тілдер саясаты

 

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

  

Кіріспе

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі(АНЗМ) қазақ, орыс және ағылшын тілдерін дамытуды көздейді. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, оны меңгеру мектеп қауымдастығы әр мүшесінің парызы болып табылады, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі  және ағылшын тілі – әлемдік экономикаға ықпалдасу тілі.

2011 жылғы Елбасының жарғысына сәйкес, Қазақстандағы білім беру саласында Үштұғырлы тіл саясаты жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, 2011). Сәйкесінше, барлық Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) тіл саясатына байланысты үш тілде білім беру үлгісін ұстанады. Халықаралық Бакалавриаттағы (ХБ) Астана қаласындағы НЗМ (АНЗМ) ұлттық саясатқа сәйкес жұмыс жасап, қазақ, орыс және ағылшын сынды үштілді қолданады. Тіл саясаты оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Біз қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің барлығы Қазақстанның өркендеуі жолында маңызды рөл атқаратындығына сенімдіміз. Сол себепті, мектебіміздің басты мақсаты – аталған үш тілді еркін меңгеру. Жоғары оқу орындарында, сондай-ақ келешек өмірінде табысқа қол жеткізу үшін біздің оқушыларға тілді жоғары деңгейде меңгеру дағдысы қажет.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, мектебімізде кәріс, өзбек, ұйғыр және т.б. ұлттардың ана тілдерін дамытуға қамқорлық жасалынады.

Мақсаты

Сапалы білім беруге сүбелі үлесін қосып, сондай-ақ халықаралық стандарттқа сәйкес келетін үш тілдік білім беру үлгісін енгізу мен мектептегі өзге тілдерді дамытуды қамтамасыз ету.

Жалпы ережелер

1) Тіл саясаты мектептің ортақ игілігі болып табылады. Ол мектеп қауымдастығының барлық мүшелерінің, оның ішінде басшылықтың, оқытушылардың, ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен әзірленуі тиіс.

2) Тіл саясаты жыл сайын қарастырылып отырылуы керек.

Стандарттар

АНЗМ және ХБ Тіл саясаттарының даму стандарттары мыналарды қамтиды:

1) Қазақстандық және халықаралық тәжірибенің ең үздігі;

2) Көптілділік қағидаттары (бірнеше тілді оқытудың оқушы сауаттылығының жалпы деңгейіне оңды ықпалы).

3)     Оқушылардың ана-тілін қолдау

АНЗМ білім беру бағдарламалары

АНЗМ-де тілдерді оқыту

АНЗМ-де тілді оқыту үдерісі екі топқа бөлінеді

  1. 1-топ – Тіл мен әдебиет (немесе A тілі),
  2. 2-топ – Тілді меңгеру (немесе В тілі).

Негізгі мектепте (7-10 сыныптар) орыс сыныбының оқушылары«Орыс тілі мен әдебиеті» және «Тілді меңгеру: қазақ тілі» пәндерін оқиды.7-9-сыныптарындағы қазақ сыныптарының оқушылары «Қазақ тілі мен әдебиет» және «Тілді меңгеру: орыс тілі» пәндерін, ал 10-сыныпта «Орыс тілі мен әдебиеті» пәндерін оқиды. 7-10 сыныптарда барлық оқушылар «Тілді меңгеру: ағылшын тілі» пәнін оқиды, 10-сыныпта кейбір оқушылар «Ағылшын тілі мен әдебиеті» пәнін оқып бастайды.

Дипломдық бағдарламада оқушы Тіл мен Әдебиеттен бір пәнді және Тілді меңгеру тобынан бір пән, не Тілді меңгеруден жалпы екі пән таңдауы міндетті. Пәндер жекелей, қазақ не орыс сыныптарына байланыссыз таңдалады. Дипломдық бағдарламада мектеп оқушыларға Тіл және әдебиет топтамасы бойынша мына пәндерді ұсынады:

  • Орыс тілі: Тіл және Әдебиет (Орта және Жоғарғы деңгей)
  • Қазақ тілі: Тіл және Әдебиет (Орта деңгей)
  • Ағылшын тілі: Тіл және Әдебиет (Орта деңгей)

В тілі, яғни, екінші тіл ретінде Ағылшын тілін меңгеру пәні (Орта және Жоғарғы деңгей) ұсынылады. IB-де Орыс және Қазақ тілдерін Екінші тіл ретінде оқытылу қарастырылмаған. 

2-қосымшада МУР ден ДП бағдарламасына дейінгі тілді оқыту жолдары көрсетілген. Бұл МУР-дің бесінші жылынан басталады. «МУР-ден ДП-ге көшкен оқушылар тілді меңгерудеізденімпаздық және рефлексивтілік танытып қана қоймай, ДП де тілдік пәндерде көптілділік қабілеттерін де қолданып дамыту қажет» (ХБ ұйымы, 2017).

Негізгі мектепте тілді меңгеру (7-10 сыныптар)

Фазалар: Барлық тілдер оқушылардың қабілеттеріне байланысты сараланады.  Тілді үйрену кезінде оқушыларды қажеттіліктерімен максималды түрде қамтамасыз ету үшін оқытудың фазалары қолданылады (1 Қосымша).

АНЗМ тілдерді үйретуде төмендегідей фазаларды ұсынады:

Қазақ тілі орыс сыныптарында:

  • 7-сыныптар: 2 және 3-фаза
  • 8-сыныптар: 3 және 4- фаза
  • 9-сыныптар: 4 және 5- фаза
  • 10-сыныптар: 5 және 6- фаза

Мектеп 8-сыныпта 5-фазаны, 9-сыныпта 6-фазаны және 10-сыныпта «Қазақ тілі және әдебиет» пәнін ашады, егер осы деңгейге дейін жететін белгілі бір сыныпта оқушылар жеткілікті жиналса.

Орыс тілі қазақ сыныптарында:

  • 7-сыныптар: 3 және 4 фазалар
  • 8-сыныптар: 4 және 5-фазалар
  • 9-сыныптар: 5 және 6-фазалар
  • 10-сыныптар: фаза жоқ (барлық оқушылар «Тіл мен әдебиет»пәніне барады).

Ағылшын тілі қазақ және орыс сыныптарында:

  • 7-сыныптар: 2 және 3-фазалар
  • 8-сыныптар: 3,4 және 5-фазалар (егер осы фазада оқуға дайын оқушылар жеткілікті болса)
  • 9-сыныптар: 4,5 және 6-фазалар (егер осы фазада оқуға дайын оқушылар жеткілікті болса)
  • 10-сыныптар: тек 5 фаза (және «Тіл мен әдебиет» пәні арнайы ұсынылған оқушылар үшін).

Егер оқушы 6-фазаға жетсе, ол оқуын «Тіл мен әдебиет» пәні бойынша жалғастыра алады. Негізгі мектептен Дипломдық бағдарламаға көшу ХБ бойынша үздіксіз оқыту кестесіне сәйкес жүргізіледі (2-қосымшаны қараңыз). Оқушыларға 10-сыныпта «Ағылшын тілі мен әдебиет» пәнін оқытуды ұсыну себебі – Дипломдық Бағдарламада ағылшын тілі бойынша «А тілі» пәнін таңдауға жасалған мүмкіндіктің берілуі болып табылады.  Оқушылардың пәнді түсінуге және ары қарай оқуға көбірек мүмкіндігі бар. Қазақ тілін үйренетін орыс  сыныптарында оқитын оқушылар үшін де осындай мүмкіндіктер жасау, олардың жоғары деңгейге жетуіне түрткі болуға ұмтылу – мектеп мақсаттарының бірі болып табылады.

Оқушыларды фазаларға бөлу: Оқушыларғамұғалімдердіңұсыныстары немесе диагностикалық тест негізінде фазалар белгіленеді. 7-сыныпта оқушыларды фазаларға бөлу қазан айындағы демалысқа дейін өткізіледі, өйткені мұғалімнің оқушы фазасын нақты анықтауы үшін бірқатар уақыт керек. Бұдан жоғары сыныптар жыл соңындағы мұғалім ұсынысы және/не диагностикалық тест арқылы келесі оқу жылына көшіріледі. Бұл үрдіс әр жылдың мамыр айында өткізіледі. Фазалар анықталғаннан кейін сыныпқа бөлу үшін анализ жасалады. Параллель топтарда оқушылар саны тең болу үшін олар басқа сыныпқа көшуі мүмкін. Жазғы демалысқа дейін оқушылар мен ата-аналарға сыныптағы өзгерістер туралы хабарлап айтылады.

Фазадан фазаға көшу: Әдетте оқушылар әр оқу жылында бір фазаға көтеріліп отырады. Егер оқушы оқу барысында қиналса, бұндай жағдай ерекше жағдай болып саналады. Бұндай жағдайда оқушы келесі оқу жылында да сол өз фазасында қала алады. Мысалы, 7-сыныптың 3-фазасындағы оқушы 8-сыныпта да 3-фазада қала алады, бірақ 7-сыныптың 2-фазасындағы оқушы 8-сыныпта 3-фазаға өту керек. Өйткені 8-сыныпта 3-фаза ең төменгі фаза болып саналады.

Кейде оқушылардың келесі оқу жылында бір емес, бірден екі фазаға жоғарыға өте алатын жағдайлар болады. Егер оқушылар жеткілікті болса, мектеп тағы бір фаза аша алады. Осылайша бір параллель үш фазаға бөліне алады, яғни оқушылар параллельдегі басқа сыныпқа өтуге мәжбүр болады.

Фазадан фазаға ауысу оқу жылы көлемінде қарастырылмайды. Аса қажет болған жағдайда ғана әкімшіліік бұл мәселені бағалай алады. Егер өзгерту мүмкін болмаса, оқушы сол фазада қалады. 10-сыныпта оқушылар оқу жылы барысында фазаларын ауыстыра алмайды:

  • Ағылшын тілі «Тілді меңгеру» пәніндегі 5-фаза және  «Тіл мен әдебиет» пәндері арасында;
  • Қазақ тілі 5 және 6-фазалары арасында.

Дипломдық бағдарламада тілді оқу

Тіл және Әдебиет: ДП оқушыларына Тіл және Әдебиеті пәндер топтамасынан екі пәнді таңдауға мейілінше қолдау көрсетіледі. Себебі, бұл оқушыларға екі тілді Диплом алуға мүмкіндік береді.

Халықаралық оқушыларға «өздігінен үйренетін» әдебиет курстары ұсынылады. Испан тілі мен Әдебиеті пәні 2017-2018 жылдарға ұсынылып отыр. Қажеттіліктер туындауына байланысты мүмкіндіктер көбейеді.

Сонымен қатар, оқушылар Қазақ не Орыс тілін ДП курсы ретінде таңдамаған жағдайда ұлттық бағдарламаны осы екі тілдің бірін оқып аяқтайды.

Тілді меңгеру: Тіл және әдебиет пәнін таңдамаған оқушыларға Тілді меңгеру пәнін таңдауына болады.

Мектептің кеңеюіне байланысты, көп тілділікті қамтамасыз ету және пәнді таңдауда оқушыларға кең таңдау мүмкіндігін ұсыну үшін қосымша 2- тілдік топты (мысалы, француз, испан тілдері) ұсыну мәселесі қарастырылады. Қосымша курстарға қатысу үшін оқушылардың сабақ кестесінің сай келуін, олардың курсқа қатысу қызығушылығын бағалау мақсатында біз оларды жыл сайын қарастырыпо тырамыз.

Оқыту тілдері

Әр пәнде және әр сыныпта оқыту тілдері 3-Қосымша Оқыту тілдеріне сәйкес үлестіріледі.

Бағдарламаларды енгізу

АНЗМ-де үштілділікке төмендегідей қолдау көрсетіледі:

1. Ана тіліне жатпайтын тілдерді сыныптан тыс, әсіресе драма, хор, спорт және кітап сүйер клубы секілді факультативті сабақтарда біріктіру;

2. Түрлі тілдік дағдылары бар оқушылар үшін халықаралық оқытушылар тілдік ресурс болады;

3. Сәйкес ақпараттық ресурстарды үш тілде қамтамасыз етуге, мектеп кітапханасы мен ақпараттық орталықтардағы тілді оқыту бойынша материалдар арасында түпнұсқалық мәтіндерді қолдануға екпін жасау.

4. Маңызды мектеп құжаттарын үш тілге аударуды қамтамасыз ету.

5. Ағылшын тілін меңгеру және тәжірибе алмасу мақсатында мұғалімдер мен оқушылардың шет елдегі конференцияларға, жарыстарға, семинарларға қатысуын ынталандыру.

6. Тілден беретін және тіл бойынша тесттерден жоғары нәтиже көрсеткен мұғалімдер басқа мұғалімдерге орыс, қазақ, ағылшын тілін үйретеді. Халықаралық мұғалімдер мектепте орыс және қазақ тілдерін үйретуге байланысты ұсыныс жасай алады.

7. Мектепте әртүрлі ұлт өкілдері оқушыларына ана тілін қолдау ұйымдастырылады. Біз оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес ұйымдармен байланысып, оқушылардың ана тілі курстарына қатысуын қолдаймыз. Жылдың басында тілдік мұқтаждықтары бар оқушылар анықталады және тілдер координаторы олардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған жоспар жасау үшін олармен жұмыс жасайды (4-қосымшада Оқушылардың тілдік профайлын қараңыз).

Қатысушылардың рөлі

Мектеп қауымдастығының барлық мүшелері, оның ішінде әкімшілік, оқытушылар, оқушылар мен ата-аналар Тіл саясатын дамытуға және енгізуге өз үлестерін қосады. Халықаралық бакалавриат секілді біз оқытушылардың барлығы да тіл маманыдеген қағидатты қолдаймыз, әрі олар тілді меңгерушілер болып табылады.Сондықтан да:

  1. Оқушылар мен мектеп ұжымының барлығы мектептің ресми тілдерін қолдануда алға басушылық жасау керек;
  2. Тілді меңгеруде ұжымға қолдау көрсету және тілді меңгеру үдерісіндегі барлық мүшелерді ынталандыру мектеп міндетіне кіреді;
  3. Оқытушылардың барлығы тіл мұғалімі екендіктерін біледі. Жергілікті оқытушыларда IELTS пен ҚазТЕСТ-тің сертификаты болады деп күтілуде;
  4. Оқытушылардың барлығы өз пәндері оқытылатын тілдегі глосарийге, үш тілдегі терминдер тізіміне  және т.б. назар аудару керек;
  5. Ата-аналар Тіл саясатын жүзеге асыруды, оқушылардың үш тілді де меңгеру талпынысын қолдайды;
  6. Мектепте ата-аналардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптар мемлекеттiктiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi.  

 

 

1-қосымша. «Тілді меңгеру» фазалары бойынша ауысу

 

 

2-қосымшаХБ контимумқадамдары

Фаза

Негізгімектепбағдарламасы 5-жыл

Дипломдықбағдарламағакөшу

1-ші фаза

 

Ab Бастауыш

2-ші фаза

 

Ab Бастауыш(өте сирек жағдайда)

B тілі стандартты деңгей

3-ші фаза

 

B тілі стандартты деңгей

4-ші фаза

 

B тілі стандартты/жоғарғы деңгей

5-ші фаза

 

A тілі стандартты/жоғарғы деңгей

5-ші фаза

Дипломдық бағдарлама курстарының алдында әр оқушыға Негізгі мектепте «Тіл және әдебиет» бағдарламасы бойынша кемінде 1 семестр оқуға кеңес беріледі.

 

Дипломдық бағдарлама курстарының алдында әр оқушыға Негізгі мектепте «Тіл және әдебиет» бағдарламасы бойынша кемінде 1 семестр оқуға кеңес беріледі.

A тілі: стандартты деңгейә дебиеті

A тілі: стандартты деңгей әдебиеті мен тілі

Стандартты деңгейдегі әдебиет және орындау

6-шы фаза

 Атілі: стандартты/жоғарғы деңгей әдебиет

A тілі стандартты/жоғарғы деңгей тіл және әдебиет

Стандартты деңгейдегі әдебиет және орындау

 ХБ контимум қадамдары. (ХБ ұйымы, 2017)

2-қосымшада ХБ континимумының жолдары Негізгі мектеп бағдарламасы арқылы Дипломдық бағдарламада тіл бойынша оқытуы көрсетілген. Бұл  Негізгі мектеп бағдарламасының 5-ші жылында басталады. «Дипломдық бағдарламаға баратын Негізгі мектеп бағдарламасының оқушылары тілді оқытудың тек зерттеушілік кері байланыс қадамдарын ғана оқыпқоймай, Дипломдық бағдарламадағы тілдік курстарда кеңейтетін мультисауаттылық дағдыларын  меңгереді» (ХБ ұйымы, 2017)

 

3-қосымша. Оқыту тілдері

АНЗМ Оқыту тілдері 2017-2018

 

 

Сыныптар және пәндер

7

8

9

10

11+12

Сыныптар

Қазақ

Орыс

Қазақ

Орыс

Қазақ

Орыс

Қазақ

Орыс

Ағыл

I.

Тілдер А және В

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Қазақ A

Қаз

 

Қаз

 

Қаз

 

Қаз

 

Қаз

2

ҚазақB

 

Қаз

 

Қаз

 

Қаз

 

Қаз

Қаз

3

Орыс A

 

Орыс

 

Орыс

 

Орыс

Орыс

Орыс

Орыс

4

Орыс В

Орыс

               

Орыс

 

Орыс

   

Орыс

5

Ағылшын A

      

Ағыл

Ағыл

Ағыл

6

Ағылшын B

Ағыл

Ағыл

Ағыл

Ағыл

Ағыл

Ағыл

Ағыл

Ағыл

Ағыл

II.

Математика

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

Математика

Қаз

Орыс

Қаз

Орыс

Қаз /

Ағыл *

Орыс /

Ағыл *

Ағыл

Ағыл

Ағыл

III

Ғылымдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

Биология

 

 

 

 

Қаз /

Ағыл *

Орыс /

Ағыл *

Ағыл

Ағыл

Ағыл

9

Физика

 

 

 

 

Қаз /

Ағыл *

Орыс /

Ағыл *

Ағыл

Ағыл

Ағыл

10

Химия

 

 

 

 

Қаз /

Ағыл *

Рус /

Ағыл *

Ағыл

Ағыл

Ағыл

11

Ғылымдар

Қаз

Орыс

Қаз /

Ағыл

Орыс / Ағыл

 

 

 

 

 

IV

Гуманитарлық ғылымдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12

Дүние жүзі тарих

 

 

 

 

Ағыл

Ағыл

Ағыл

Ағыл

Ағыл

13

Қазақстан тарихы

 

 

Қаз

Қаз

Қаз

Қаз

Қаз

Қаз

 

14

Әлеуметтік ғылымдар

Ағыл

Ағыл

Ағыл

Ағыл

 

 

 

 

 

15

ЖӘҚТ

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаз

16

Экономика

 

 

 

 

Ағыл

Ағыл

Ағыл

Ағыл

Ағыл

17

ITGS

 

 

 

 

    

Ағыл

18

Қазақ ғылымдары

Қаз

Қаз

 

 

 

 

 

 

 

19

География

 

 

Қаз

Қаз

Қаз

Қаз

 

 

 

V

Өнер және Дизайн

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20

Бейнелеу өнері

Қаз

Орыс

Қаз

Орыс

Қаз /Ағыл *

Орыс /Ағыл *

Ағыл

Ағыл

Ағыл

21

Драма

Қаз

Орыс

Қаз

Орыс

 

 

 

 

 

22

Дизайн

Қаз

Орыс

Қаз

Орыс

Қаз /Ағыл *

Орыс /Ағыл *

Ағыл

Ағыл

 

VI

Дене шынықтыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23

Дене шынықтыру

Қаз

Қаз

Қаз

Қаз

Қаз

Қаз

Қаз

Қаз

Қаз

24

Алғашқыәскеридайындық

 

 

 

 

 

 

Қаз

Қаз

Қаз

VII

ХБ талап ететін пәндер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25

ТоК

 

 

 

 

 

 

 

 

Ағыл

  • ·          Барлық сыныптарда ағылшын тілінде сөйлейтін мұғалімдер жеткілікті болса, параллельдегі барлық сыныптар толығымен ағылшын тілінде оқиды.
  • ·          Кез-келген сыныпта ағылшын тілінде сабақ беретін халықаралық деңгейдегі мұғаліммен бірге сабақ жүргізілуі мүмкін.

4-қосымша. Оқушының тілдік профайлы

Келесі кесте оқушыларға арналған:

Ана тілі(дер) және сіз білетін басқа тілдер

(Ана тілі – Сіз туғаннан бастап меңгерген тіліңіз. Сіздің ана тіліңіз бірнешеу болуы мүмкін. Ана тілі – сіз басқа тілдерден жақсы білетін тіл болуы шарт емес).

 

Тіл

Ана тілі

Сіз тілді меңгеріп бастаған жасыңыз

Сіздің ана тіліңіз мектепте оқытылмайтын болса, тілді әрі қарай меңгергіңіз келе ме?

Комментарий: Сіз тілді қалай меңгергеніңіз немесе тілдің сізге маңыздылығы туралы ақпарат.

Қазақ

Иә/Жоқ

Тандаңыз: 0-ден18-ге дейін

 

 

 

Орыс

Иә/Жоқ

Тандаңыз: 0-ден18-ге дейін

 

 

 

Ағылшын

Иә/Жоқ

Тандаңыз: 0-ден18-ге дейін

 

 

 

Тандаңызқырғыз, корей, неміс, украин, өзбек, басқа (қандай екенін көрсетіңіз)

Иә/Жоқ

Тандаңыз: 0-ден18-ге дейін

Иә/Жоқ

Иә деп жауап берген жағдайда, қажет көмекті сипаттап жазыңыз:

 

Қажет болғанда оқушы тілдерді көрсету үшін қосымшажол қосуы керек

 

 

 

 

 

 

Outof7-неншығарылады

 

 

Қазақ

Орыс

Ағылшын

Басқа:Испан немесе француз (тек ДБ)

 

 

Деңгей

Семестр бағасы

Жылдық баға

Деңгей

Семестр бағасы

Жылдық баға

Деңгей

Семестр бағасы

Жылдық баға

Деңгей

Семестр бағасы

Жылдық баға

Маусым2016

9-сынып

Фаза x

x

x

Тіл және әдебиет

x

x

Фаза x

x

x

 

 

 

Желтоқсан2016

10-сынып

Фаза x

x

 

Тіл және әдебиет

x

 

Фаза x

x

 

 

 

 

Маусым2017

10-сынып

Фаза x

x

x

Тіл және әдебиет

x

x

Фаза x

x

x

 

 

 

Желтоқсан2017

11-сынып

 

 

 

A СД

x

 

B ЖД

x

 

 

 

 

Басқа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Библиография:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі. (2011). Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы. http://adilet.zan.kz/rus/docs/U1100000110 алынған

Интэрнэшнэл Бакаловреат Организэйшн. (2017). Лэнгуэдж акуизишн гайд. [Тілді меңгеру нұсқаулығы]. Кардифф. Уэйлс. Интэрнэшнэл Бакаловреат Организэйшн. (ағылшын тілінде).

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі © 2018

Close Menu