Құрметті ата-аналар!

Біз сіздерді және біздің шәкірттерімізді мектепте күнделікті көретінімізге қуаныштымыз! Өздеріңіз білетіндей, мектеп миссиясы – барлық қатысушылары мәдениетаралық түсіністік, үздіксіз білім алуға және жоғары адмгершілік құндылықтарды дамытуға бағытталған Зияткерлік қоғамды тәрбиелеу.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларға қояр талаптарының бірі – тәртіпке шақыратын мектеп күн тәртібін ұйымдастыратын, мектеп миссиясын және жауапкершілігін қалыптастыратын бірыңғай мектеп киім үлгісі. Бірыңғай мектеп киім үлгісі – Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушысының мәртебесін байқататын көрсеткіш. Мектеп қоғамдастығының ұжымдық рухын тәрбиелеудегі ажырамас бір бөлігі. Сондықтан да, әр оқушының мектеп киім үлгісіне құрметпен қарауы мектептің маңызды белгісін танығаны.

Назарбаев Зияткерлік мектебі педагогикалық ұжымның негізгі ережелерін орындауда, ата-аналар оқушының сыртқы келбетіне қойылатын талаптарды қадағалау арқылы көмек көрсете алады. Жоғарыда айтылған ережелер бұзылған жағдайда мектеп әкімшілігі Сіздерді жеке әңгімелесуге шақыруға мәжбүр болатындығын жеткізеді.

Біз сіздерді түсіністікпен қарап, қолдайтындарыңызға сенім білдіреміз!

 

Құрметпен, 
Мектеп директоры                                                                                                                    А. Жангозин 
 

 

Мектепішілк ата-аналар
Комитетінің төрайымы                                                                      
                                                     А.М.Тәңірбергенова 
 

Қазақстан Республикасында, оның ішінде Астана қаласында 2015 жылдың қазан айында 15-19 жас аралығындағы тұлғаларға қызылшаға қарсы қосымша иммундаудың аяқталуы жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың ақпан айының 16-19 аралығында Астана қаласы бойынша 9920 жасөспірім және 15-19 жас аралығындағы студенттерге екпе салынды.

Екпе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған вакцинамен жүргізілді. Астана қаласында иммунизациядан кейн әдеттегіден тыс көреністер тіркелген жоқ.

Ағымдағы жылдың қазан айында 15 – 19 жас аралығындағы тұлғаларға қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізу кезеңінде екпе салумен 21580 адамды, олардың ішінен – 10131 мектеп оқушылары, 11449 студенттерді қамту жоспарлануда.

Қосымша иммундау білім беру ұйымдарында – мектепте, жоғарғы оқу орындарында, орта оқу орындарында жүргізілетін болады.

Қосымша иммундау жүргізу қажеттілігі қызылша ауруы саның артуына байланысты, ең бірінші кезекте 15 жастан 19 жасқа дейін және одан үлкен жас шамасы топтарының тіркелуіне байланысты, олардың арасында қызылшаны жұқтыру және тарату қаупі жоғары. Бұл ең бірінші кезекте өз балаларына вакцина егуге қарсы ата-анала санының артуына байланысты.

Ағымдағы жылдың қазан айы кезеңінде болжаммен 127 пункта 44 екпе салатын бригадалары (қаланың 17 медициналық ұйымдарында, 74 мектепте және 36 жоғарғы оқу орындары мен орта оқу орындарында) әрекетке енеді.

Қосымша иммундау жүргізуге және ұйымдастыру мақсатында Астана қаласы әкімдігі қарамағындаға штаб құрылды, әлеуметтік жұмылдыру және ақпараттық жұмыс жоспары үш ведомствомен бекітілді (Денсаулық сақтау басқармасы, Тұтынушылар құқықтарын қорғау Департаменті және Білім беру басқармасы), бұл мәселе бойынша қаладағы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің 20.08.2015 ж. №1-ПГВр қаулысы қабылданды. Қаулыға бағына отырып «Шипагер» «Отбасылық денсаулық орталығы» хабарлайды:қазан айы аралығында, 15 жастан 19 жас аралығында  қызылшаға қарсы қосымша иммунды вакцина егіледі.

Қазіргі уақытта алғашқы медициналық-санитарлық көмек беретін медициналық ұйымдарында, жоғарғы оқу орындары мен орта оқу орындарында студенттер мен оқушылардың диспансерлік тобын есепке ала отырып, қызылшаға қарсы қосымша екпе жүргізуге 15 жастан 19 жасқа дейінгі тұлғалардың аты-жөні көрсетілетін тізілімі бойынша іріктелу жүргізілуде.

Есте сақтаңыз!!! Жоспарлы және қосымша иммундау қызылша ауруынан қорғанудың ең жалғыз тәсілі, атап айтсақ, соқырлық, отит, пневмония, энцефалит, ақыл-ой қабілетінің жетіспеушілігі, психиканың бұзылуы сияқты қолайсыздыққа ұшыратын қауіптің асқынуынан қорғайды.

Қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізуге қатысты барлық сәселелер жөнінде, шұғыл желі телефоны бойынша 55-69-85 (Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы) 96-37-77 (Біріңғай медициналық Call орталық) 31-71-69 (Астана қаласы Тұтынушылардың құықтарын қорғау департаменті) және («Шипагер» «Отбасылық денсаулық орталығы») 72-81-52 жүгінуіңізді сұраймыз.

Құрметті Астана қаласының тұрғындары, алдын алу екпесінен бас тартпаңыздар! Екпе Сізді және Сіздің балаларыңызды аурудан қорғайды және дені сау келешектің кепілі болып табылады.  

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі © 2018

Close Menu