KazakhRussianEnglish (UK)

Психологиялық Қызмет

Құрметті ата−аналар!

Біздің мектебімізде өз іс−әрекетін төмендегі бағыттарда жүзеге асыратын психологиялық қызмет жұмыс істейді:
• Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы дәрежесінің ерекшелігін анықтауға бағытталған психологиялық−педагогикалық диагностика.
• Педагогикалық−психологиялық дамыту жұмысы. Жыл бойы жүзеге асырылады және жұмыстың белгілі бір кезеңіне сәйкес нақты мазмұнмен толықтырылады. 
• Оқытушылармен және ата−аналармен жүргізілетін кеңес беру жұмысы. Өткізілген психодиагностикалық жұмыстың нәтижесін талқылау және оқушы, оқытушы немесе ата−аналардың нақты сұранысына байланысты жыл бойы жүргізіледі. 
• Оқыту үдерісін модификациялау және оқыту әдістемелерін жетілдіруге бағытталған әдістемелік жұмыс. Оқушылардың тұлғалық зерттеулерінің нәтижесінде мектеп әкімшілігімен және оқытушылармен бірігіп жүзеге асырылады.
• Қиындықтарға тап болған оқушыларға көмек көрсетуге бағытталған психокоррекциялық жұмыс. Бұл қиындықтар оқушының жүріс−тұрысында, оқуында көрінуі мүмкін. Көмек жеке немесе топтық психокоррекциялық жұмыстар барысында көрсетіледі.
• Сәтті бейімделуге көмектесетін әлеуметтік және педагогикалық шарттарды құру мен оқу−тәрбиелік үдерісті жетілдіруге бағытталған педагогикалық ұжыммен жүргізілетін ұйымдастырушылық−кеңесшілік жұмыс.

Психологиялық қызмет ата−аналармен жеке кездесулер өткізеді:
Сейсенбі, сағат 9.00 − 16.00 (127 каб.)
Бейсенбі, сағат 9.00 − 16.00 (146 каб.)

Сіз бізбен төмендегі электрондық пошта арқылы хат алмаса аласыз:
Уксукбаева Айгуль Ахметкановна -  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Абдрахманова Жанбота Балтабековна -  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Маликова Дариға Ғазизқызы -  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

NoName1

NoName2