1-қыркүйек «Білім күніне» орай Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде салтанатты шара өтті.

Алғашқы қоңырау сыңғыры, әр бала үшін ерекше екені белгілі. Биылғы жылы мектеп қабырғасында 960 бала білім алатын болады. Оның 168-і 7 сынып оқушылары. Ал 130 бала 12 сыныпқа қадам басты. Назарбаев Зияткерлік мектебі ұжымы дәстүрге сай алғашқы қоңырауды заманауи бағытта жаңашалап, «Саммит» түрінде ұйымдастырды. Ата-аналар мен мұғалімдер мемлекеті,оқушылар мемлекеті,сондай-ақ мектеп оқушылары қатарына енді қосылып жатқан 7 сынып оқушыларының мемлекеті құрылды. Саммит барысында 2018-2019 оқу жылының сәтті өтуі жөніндегі конвенцияға қол қойылды. Салтанатты жиыннан соң мектеп оқушылары «Көшбасшылар сабағына» қатысты. Бұл жерде, кәсіпкерлер мен саясаткерлер, ғалымдар мен белгілі әртістер өз өмір жолдары жайлы балалармен тілдесіп,  жетістікке жетудің жолдары жайында кеңес берді. 2017-2018 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектебін 113 оқушы халықаралық бакалавриат шеңберінде  тәмәмдады. Қазіргі таңда түлектер Қазақстанның жоғары оқу орындарына, Назарбаев университетінде сонымен қатар шетелдің озық жоғары оқу орындарында өз білімдерін жалғастырады.

Nazarbayev Intellectual School of Astana © 2018

Close Menu